Ресей Қазақстаннан сатып алмақ болған "жекеменшік" ғарыш кемесінің иесі кім екені анықталды

Алдында ресейлік БАҚ-тарда Роскосмостың басшысы "Байқоңырда" сақтаулы тұрған белгісіз біреудің ғарыш аппаратын сатып алмақшы деген ақпарат пайда болған.

"Байқоңыр" РҒК " АҚ бас директоры Дәурен Мұса Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозиннің "Буран" ғарыш кемесінің жеке тұлғаға тиесілі екендігі туралы мәлімдемесіне қатысты жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

15 қарашада Рогозин өзінің Твиттердегі парақшасында:

"Ғарыш айлағында қалып кеткен "Буран" ғарыш аппараты Қазақстандағы жеке тұлғаға тиесілі. Міне, осындай жағдай. Мен оны сатып алуға тырысқанмын, бірақ оның иесінің артында кім тұрғанын біле алмадым. МИК-те (монтаждау-сынақтан өткізу корпусы) тұрған Энергия-M зымыранына да қатысты жағдай тура осындай (ескерту: қазіргі уақытта бұл твитті ашу мүмкін емес).

Желідегі жазбаға пікір білдірушілер ішінде "Байқоңыр" АҚ бас директоры Дәурен Мұса да жүр. Ол былай деп жазады:

"Құрметті Дмитрий Олегович, "Буран 1.02" ғарыш кемесі және "ОК-МТ 0.07" ПМ, Сіз айтқандай, жеке тұлғаға тиесілі емес, ол "Байқоңыр" РҒК" АҚ балансындағы дүние. Біз өзіміздің ғарыштық кәсіпорнымызды және осы зымырандарды сақтап қалу үшін көптеген ресурстарды жұмсадық. Бұл - біздің ортақ тарихымыз".

"Буран 1.02" - бұл "Буран" класындағы қайта пайдалануға болатын ғарыш аппараттарының екінші ұшу прототипі. Оны жасап, жөндеу ісі 95-97%-ке аяқталған. Ол Байқоңыр ғарыш айлағында сақтаулы тұр. "Буран 1.01" ғарыш аппараты 2002 жылға дейін, яғни ғимарат құлаған кезге дейін сақталған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: