Семей қалалық полиция бастығы қызметінен босатылғалы жатыр

arnapress.kz
Оған ақша бопсалады деген айып тағылған.

Семей қаласының полиция бөлімінің бастығы Мақсат Зекенов жуырда қызметінен босатылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Arnapress.kz хабарлағандай, бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді.

Қалалық ПД басшысына қатысты іс Facebook әлеуметтік желісі қолданушыларының бірі жіберген шағымы негізінде қозғалған. Ол Мақсат Зекеновты полиция бөлімінің жеке құрамынан ақша бопсалады деп айыптады.

Аймақ басшысы Семей қаласының бас полицейі жақын арада қызметінен кететінін атап өтті.

- Біз Интернетте көрініс тапқан барлық фактілерді мұқият талдаймыз. Жақын арада басқарма бастығы немесе Семей қалалық полициясы басқармасының жетекшісі қызметінен кетеді. Біз барлық мәселелермен бірдей айналысамыз, - деді Даниал Ахметов.

Мақсат Зекенов Семей қаласының полиция бөлімінің бастығы болып 2019 жылдың желтоқсанында тағайындалды. Осы қызметке тағайындалғанға дейін ол ОПБ-ны, яғни қалалың орталық полиция бөлімін басқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек