Қытайда 1 миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдыртып алған

Оның тиімді немесе тиімді еместігі толық дәлелденбегендігіне қарамастан.

Қытайда миллионға жуық адамға Sinopharm компаниясының коронавирусқа қарсы клиникалық сынақ деңгейіндегі вакцинасы салынған, деп хабарлайды zakon.kz central.asia-news-ке сілтеме жасап.

Вакцинаның клиникалық тиімділігі әлі расталмаған.

Бұл компанияның вакцинасы Аргентина, Бахрейн, Марокко, Перу және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты бірқатар шет елдерде клиникалық сынақтан өтуде.

Қазір вакцина миллионға жуық адамға шұғыл жағдайда салынды, - деді Sinopharm өкілі, кейінірек ол оның жанама әсерлерң болмағанын, тек кейбіреулерінде жеңіл-желпі белгілер тіркелгенін айтты.

Бұқаралық ақпарат құралдары компания өзін вакцина жасауда "барлық жағынан әлемдік көшбасшы" ретінде таныстыратынын жазады. Алайда олар клиникалық зерттеулердің расталған нәтижелерін жарияламаған.

Sinopharm "вакцинаны құрылысшылар, дипломаттар және шетелдік студенттер алды, олар екпе салдыртқан соң 150-ден астам елде болып, инфекцияны жұқтырмаған" деген болжам жасады.

Central.asia-news хабарлауынша, Қытайда КВИ-ға қарсы тиімді вакцина жасап, оны басқалардан бұрын айналымға шығару үшін жанталастың салдарынан халықты вакцинациялауға мәжбүр етуде. Сонымен қатар, егілгендердің көпшілігі клиникалық зерттеулердің ресми қатысушылары болып саналмайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: