Үкіметтегілер "украиналық делегациямен болмай қалған кездесуге" қатысты түсінік берді

ytimg.com
Олар ұсынған ПТР-анықтама жалған емес, бірақ мерзімі өтіп кеткен болып шықты.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің баспасөз қызметі Асқар Маминнің Украина министрлерімен болмай қалған кездесуге түрткі ПТР-анықтамаға қатысты оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Баспасөз қызметі BaigeNews.kz-ке ПТР-анықтаманың жалған емес, бірақ мерзімі өтіп кеткендігін жеткізген.

Қазақстандық тарап Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшысы Асқар Мамин мен Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий бастаған делегация кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін білдірді. Алайда, украин делегациясы мүшелерінің ПТР-анықтамасының (бес күндік) өтіп кетуіне байланысты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің Владислав Криклиймен кездесуі болмай қалды. Коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында, жиналысқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар санитарлық ережелер мен шарттарды сақтау қажет, соның ішінде COVID-19-ды жоққа шығаратын ПТР-анықтама болуы керек, - деді Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Криклийдің Қазақстанға сапары аясында 12 қарашада ҚР ИИДМ мен Украинаның Инфрақұрылым министрлігі арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр да Украина делегациясымен кездесті.

Бұған дейін бірқатар БАҚ украиналық шенеуніктер Нұр-Сұлтанға жалған ПТР-анықтамамен келді, бұл фактіні Қазақстан Республикасы Үкіметі басшысының қауіпсіздік қызметі анықтады деп жазған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды