Үкімет басшысы дәрі-дәрмектердің бағасын төмендетуді тапсырды

24tv.ua
Бұған бір апта уақыт берілді.

Асқар Мамин коронавирусқа қарсы препараттардың бағасын реттеу тәртібін өзгертуге бұйрық берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған Премьер-министр бір апта уақыт берді.

"Денсаулық сақтау министрлігіне бір апта мерзімде дәрі-дәрмектің шекті құнын төмендету мақсатында коронавирусқа қарсы препараттардың бағасын реттеу тәртібін өзгерту тапсырылды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне ҚР-дағы коронавирусқа қарсы препараттар құнының жоғарылауына жол бермеу мақсатында шетелдік фармацевтикалық нарықтардағы баға конъюнктурасына талдау жүргізу тапсырылды", делінген премьер-министрдің сайтында.

Айта кетсек, "қызыл аймақта" бес өңір қалып отыр: Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары. "Сары аймақта" екі өңір бар: Батыс Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады