Қазақстан Қырғызстанға 2 миллион бетперде жөнелтті

ҚР ИИДМ
Сонымен қатар "Көкшетау-4П" өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасы жолданды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қырғызстанға өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарын және 2 миллион медициналық бетпердесін жөнелтті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №763 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 23 қарашада Қырғыз Республикасына ауыр жүк көлігімен "Көкшетау-4П" өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасын және Қазақстан кәсіпорындарда өндірілген 2 млн медициналық бетперде жіберді", - делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.

Жолданған гуманитарлық жүктің жалпы құны 390 млн теңгеге жуық. Атап айтқанда, "Тыныс" АҚ шығарған "Көкшетау-4П" ӨЖЖ аппараттарының құны – 328 млн теңге, "Dolce pharm" ЖШС және "Mega pharm" ЖШС шығарған медициналық бетперделер құны – 61 млн теңге.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды