ШҚО-да бір кәсіпкер 14 мұқтаж отбасыға соғым етін таратты

алтайньюс
Сойылған жеті жабағының еті 14 отбасыға теңдей бөліп, таратып берілген.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының атымтай азаматы мұқтаж отбасыларға соғым етін таратып берді.

Қазақ күресін дүниежүзіне әйгілеген спорт жанашыры Бәделхан Камалханұлы Сабуров әрдайым жағдайы нашар отбасыларға көмектесіп, қайырымыдылық жасайды, деп хабарлайды Алтайньюс.

"Өзін-өзі ойлаған жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған адамдықтың белгісі" дегендей, елімізге белгілі жерлесіміз, қазақ күресін дүниежүзіне әйгілеген спорт жанашыры Бәделхан Камалханұлы Сабуров әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасыларға жыл сайын қайырымдылық жасап келеді. Биыл да сол атымтай жомарттығымен Ақсуат ауылындағы жоғарыда аталған санаттағыдай 14 отбасыға жеті жабағы таратып берді. Бір соғымды екі отбасыдан теңдей бөліп алды. Күн суытып қыс түскенде бұл халыққа үлкен қолдау болды. "Әр қазақ менің жалғызым" деп, туған жерге, оның тұрғындарына жанашырлық танытып жүрген Бәделхан Сабуровтың ізгілікті ісін жалғап әкетер азаматтарымыз ауданда көп болса екен дейміз", – дейді аудан әкімі Асхат Смайылов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды