21 қазаннан бастап бүгінге дейін Орталық сайлау комиссиясына 34 өтініш түсті, оның ішінде бесеу - жеке тұлға, 29 - заңды тұлға, онда да оның 13-і - бұқаралық ақпарат құралдары, деп хабарлайды zakon.kz.
Келіп түскен өтініштер мазмұнына қарай былай топтастырылды: 50% (17) - сайлау туралы заң нормаларын түсіндіру бойынша; 17% (6) - сайлау процесін ұйымдастыру туралы ақпарат беру туралы; 12% (4) - сайлау заңнамасын және ОСК қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар; 21% (7) - басқа мәселелер бойынша, - деді ОСК.
Орталық сайлау комиссиясында атап өткендей, барлық өтініштердің ішінен ОСК-ның 22 қызметкері өтініш берушілерге жан-жақты жауаптар берді; төртеуі ОСК құзыретіне жатпайтын болғандықтан мемлекеттік органдарға жолданды; қайталанған бір өтініш қараусыз қалдырылды; ОСК сайтында орналастырылған екі БАҚ хабарламасы; бес өтініш әлі қарастырылуда. Қарастырылмаған өтініштер жоқ.
Орталық сайлау комиссиясы мен ОСК аппараты өтініштерді қарау кезінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңды, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы", "Құқықтық актілер туралы", "Электрондық құжаттар және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" заңдарды басшылыққа алады, - деп атап өтті. ОСК-дағылар.