Мұстафа Шентоп: Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамалары бүкіл әлем үшін зор маңызға ие

Ж.Құспанов
Түркия Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды саяси және экономикалық серіктес және өңірдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі ретінде қарастырады.

Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары бүкіл әлем үшін зор маңызға ие деп санайды.

Тұңғыш Президент күніне орай "Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандағы парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі" атты Мәжіліс ұйымдастырған халықаралық конференцияда сөз сөйлеген Түркия Парламентінің Спикері Мұстафа Шентоп Қазақстан мен Түркия терең тарихи және мәдени байланыстарды жалғастыратын екі достас және бауырлас халық екенін айтты.

Мұстафа Шентоптың айтуынша, Түркия Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды саяси және экономикалық серіктес және өңірдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі ретінде қарастырады.

Мұстафа Шентоп Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттіліктің қалыптасуы мен елдің экономикалық дамуындағы ғана емес, сонымен бірге Қазақстанды бейбітшілікті нығайту ісінде көшбасшы болып табылатын қуатты мемлекетке айналдырудағы тарихи рөлін атап өтті.

- Қазақстанның үдемелі дамуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың демократияны, адам құқықтарын және заңның үстемдігін дамыту жолында қолға алған қадамдары маңызды орын алатыны сөзсіз, - деді түрік Парламентінің өкілі.

Нұрсұлтан Назарбаев мықты көшбасшылық қасиеттермен қатар демократияны нығайтып, Қазақстанды жаңғырта білген, бұл ретте мызғымас ерік-жігер танытқан сирек кездесетін саясаткерлердің бірі екеніне Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы ерекше тоқталды.

Сонымен қатар конференцияда талқыланған мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығын назар аударған Мұстафа Шентоп Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың парламентаризм мен парламенттік мәдениетті дамытуға қосқан үлесін де атап өтті.

- Нұрсұлтан Назарбаев - жол көрсететін және өте дана тұлға. Сондықтан оның құнды көзқарастары мен көрегендігін бүкіл әлем қолдануы керек, - деді Мұстафа Шентоп.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті