ШҚО-ның Күршім ауданын дамытуға 5 жыл ішінде 60 млрд теңге бөлінеді

Сурет: zakon.kz
Биылғы жылдың өзінде 5 млрд теңгеге жуық 88 ауқымды жоба іске асырылды.

Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметовтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан шекара маңындағы аудандарға арналған кешенді жоспар Күршім ауданының дамуына тың серпін берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Күршім ауданының әкімі Дулат Қажановтың айтуынша, кешенді жоспарды дайындау барысында ауданның ерекшеліктері, тұрғындардың тілектері мен ұсыныстары ескерілді.

– Іске асырылып жатқан жобалардың басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын арттыру, елді мекендерде инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, инвестициялар тарту, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік салада жинақталған проблемаларды тиімді шешу, – деп атап өтті Дулат Қажанов.

Осылайша, Күршім ауданын дамыту жоспары 2020-2024 жылдарға бекітіліп, 58,6 млрд теңге бөлінді. Биылғы жылдың өзінде 5 млрд теңгеге жуық 88 ауқымды жоба іске асырылды. Оның ішінде 11 жоба – "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында, 36 жоба – "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты