Жетісайда екі жасөспірім бала анасынан ұрып, қайыр сұрауға мәжбүрлегені үшін үйінен қашып кеткен. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазір бұл фактіне сәйкес, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы, "Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер" бойынша әкімшілік іс жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды. Материалдар Әкімшілік сотқа, содан кейін ювеналды полиция мен қорғаншылық органдарына жіберіледі. Сонымен қатар, анасына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы, "Азаптау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Жасөспірімдердің өзі интернатқа орналастырылған.
Осы жайтқа байланысты арызданған туысы, арызын қайтарып алмақшы, бірақ полиция бұл жағдайды соңына дейін тексереді, дейді ондағылар.
Бұған дейін екі жасөспірімнің үйінен қашып кеткені хабарланған. Олар анасының өздерін қайыр сұрауға мәжбүр етіп, үнемі таяқтың астына алатыны айтады. Отбасында 15, 12, екі жасар, сондай-ақ жеті айлық бала бар.