Қарақат Башанова Junior Eurovision байқауында 2-ші орын алды

видеодан кадр
Биыл финалға 12 орындаушы қатысты.

Қарақат Башанова Junior Eurovision 2020 халықаралық ән байқауында 2 орын алды. Байқаудың финалы "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Көрермендер мен қазылар алқасының дауыс беру нәтижелері бойынша Қарақат Башанова 152 ұпай жинады. Ол гранд-финалда "Forever" әнін орындады. Аталмыш музыкалық композицияны Қарақат 5 жыл бұрын өмірден өткен әкесіне арнаған болатын.

"Бұл менің ғана емес, Қазақ елінің жеңісі деп ойлаймын. Қолдағандарыңыз үшін, дауыс бергендеріңіз үшін баршаңызға көп рақмет. Алда мені әлі де көп жетістіктер күтіп тұр деп ойлаймын", - деді Қарақат.

Беделді музыкалық байқауда жеңісті Франция елінің орындаушысы 200 ұпаймен, үшінші орынды Испания елінің өкілі 133 ұпаймен иеленді.

Биыл финалға 12 орындаушы қатысты. Жеңімпаз қазылар алқасының дауыс беруі мен телекөрермендердің онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша анықталды.

Қазақстан аталмыш ән байқауға үшінші мәрте қатысуда. Қарақат Башанованың Junior Eurovision-2020-да өнер көрсететіні қыркүйек айында өткен Ұлттық іріктеудегі жеңісінен кейін белгілі болды.

Қазақстан Junior Eurovision байқауына алғаш рет 2018 жылы қатысып, дебют жасады. Сол кезде еліміздің атынан Данэлия Тулешова қатысып, "Өзіңе сeн" әнін орындады. Ол алтыншы орынды иеленді. 2019 жылы Ержан Максим "Арманыңнан қалма" әнімен екінші орынды (қазылар алқасының шешімімен бірінші) жеңіп алды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады