Грекиядағы ең жас депутат Шымкентте дүниеге келген болып шықты

ҚР СІМ
Апациди қазақстан-грек ынтымақтастығын, онда да оны парламентаралық диалог арқылы кеңейтуді жақтайтынын айтты.

Шымкентте дүниеге келген Мария Апациди Грекия парламентіндегі ең жас депутат болып табылады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің желідегі парақшасында Қазақстанның елшісі Алексей Волковтың Грекия парламентінің мүшесі Мария Апацидимен кездескені туралы ақпарат жарияланды. Сондай-ақ грек депутатының Шымкентте дүниеге келгені және Грецияның заң шығарушы органындағы ең жас өкіл екені де атап көрсетілген.

Волков пен Апациди қос ел арасындағы екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Апациди қазақстан-грек ынтымақтастығын, онда да оны парламентаралық диалог арқылы кеңейтуді жақтайтынын айтты.

- Қазақстанның тумасы болып табылатын депутат өткен ғасырдың соңында тарихи Отанына оралған этникалық гректердің қазіргі Қазақстанға деген қызығушылығы артып отырғанын атап өтті, дейді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі.

Өзара туристік потенциалды едәуір кеңейту бойынша қос тарап пікір алмасты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған