Жамбыл облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы болып Қайрат Аманов тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Аманов Қайрат Тілеубайұлы 1964 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
1990 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылық институтын "ғалым-агроном" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Сарысу ауданы, "Коммунар" совхозында бригадир көмекшісі болып бастаған.
1991-1995 жылдары – Сарысу ауданы, "Коммунар" совхозында бригадир, аға агроном;
1995-2001 жылдары – Сарысу ауданындағы "Алтай" және Ақжол" шаруа қожалықтарының төрағасы;
2001-2006 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппараты мен аудандық басқа да бөлімдерде бас маман;
2006-2010 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;
2010-2011 жылдары Сарысу әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы;
2011-2013 жылдары Алматы қаласы кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасының 6-10 санаты азаматтық қызметші статисті;
2013-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасында бас маман;
2014-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасында бөлім басшы;
2016 жылдың қараша айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.