Zakon.kz порталы үздік интернет-БАҚ болып танылды

zakon.kz
Жеңімпаздар екі кезең бойында онлайн-дауыс беру арқылы анықталды.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні жыл сайын өткізілетін "Адал тұлға-2020" ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылар жыл бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында қалам тербеп, өз жобалары мен материалдарын ұсынған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы байқауды қорытындылады.

Сонымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбын қамтуда zakon.kz порталы "Жылдың үздік Интернет құралы" номинациясы бойынша жеңіске жетіп, ең үздік интернет басылым болып танылды.

"Ел Жанашырлары" номинациясы бойынша желі қолданушыларының берген дауысымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үздік деп танылып, "Адал тұлға" ұлттық сыйлығын жеңіп алды. Бұл марапат Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызды бастамаларды ілгерілетуге қосан жоғары үлесі үшін берілгені баса атап өтілді. Сыйлық статуэткасы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге табысталды.

Ұлттық сыйлықты табыстау рәсімінде "Адал тұлға", "Парасатты тұлға", "Ең үздік ұлттық жоба" сияқты 18 номинация бойынша ең үздіктердің аты аталды.

Биылғы жылы дәстүрлі шара бейнеконференция форматында өтті, оған еліміздің барлық аймақтары қатысты.

"Қоғамдық мойындау "Адал Тұлға-2020" сыйлығының басты мақсаты - қоғамда болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарай алмайтын қазақстандықтардың басын бір алаңға қосу және елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасында диалог құру", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталықтың төрағасы, "Адалдық алаңы" республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов.

Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, сенатор Нұртөре Жүсіп, мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы Арман Жұмабеков, Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Айдын Ашуев, қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, журналистер қатысты.

Жеңімпаздар елімізде 1-20 қараша аралығында өткен екі кезең бойында онлайн-дауыс беру арқылы анықталды. Қарашаның 1-нен 10-на дейін әлеуметтік желілерді қолданушылар өздерінің азаматтық ұстанымдары, шыншылдығы және ашықтығымен танымал ең лайықты қоғам қайраткерлері, журналистер, заңгерлер сипатындағы өз кандидатураларын ұсынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті