Ресейлік нөмірлі көліктер Қазақстанда уақытша тіркелмейді

kolesa.kz
Kolesa.kz редакциясы ҚР ІІМ-не ресми сауал жолдаған.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, армениялық көліктерді уақытша тіркеу үкіметтің арнайы қаулысында жазылған, бірақ мұны Ресейден келген машиналарға қолдану мүмкіндігі жоқ, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бірдей көліктер мен көрші елде есептен шығарылып, Қазақстан жолдарында шетелдік нөмірмен жүйткіп жүрген машиналарды анықтау үшін полицейлер бейнекамералар мен басқа да құралдарды қолданады.

Бұл үшін Қазақстан мен Ресей ІІМ базаларын біріктіру жоспарда жоқ. Бірақ 2021 жылы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасы көлік құралдарының электронды құжаты жүйесімен бірігеді деген болжам бар. Бұл ЕЭО құрамындағы басқа елдерде тіркелген автокөліктер туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, елге сенімхат арқылы кіргізілген машиналар Қазақстанда бір жыл еркін жүре алады, мерзім аяқталған соң 30 күн ішінде шетелдік көлікті елден шығару не Қазақстанда тіркеу керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік