Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Шымкент тұрғыны сотталды

видеодан кадр
Азамат "Сайрам" тұрғын алабы және "Алаш" базары аумақтарында заңсыз ойынханалар ұйымдастырған.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Шымкент қаласының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, жалпыреспубликалық "Стоп-игра" жедел іс-шаралары барысында, "Сайрам" тұрғын алабы және "Алаш" базары аумақтарында заңсыз ойынханаларды ұйымдастыру дерегімен айналысқан азаматтың заңсыз іс-әрекеттері әшкереленді.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен, көрсетілген ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307 бабы 1 бөлігімен (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 1000 АЕК (2 778 000 теңге) айыппұл жазасы тағайындалды.

Тәркіленіп алынған айғақты заттар (3 телевизор, 24 жүйелі блок, 24 монитор және басқа да құрылғылар) мемлекет пайдасына өндірілді.

Қаржы мониторингі Комитеті заңсыз ойын бизнесін белгіленген жерлерден басқа аймақтарда ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін қатаң ескертеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Азия ойындары: 23 қыркүйекте ел намысын кімдер қорғайды

Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысына қай аудандар енетіні белгілі болды

Ғалым Сейіт Қасқабасов дүниеден озды