Сенатта Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда Экологиялық кодекстің жобасы қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.
Заң жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сенат депутаттары Сонымен қатар "Экологиялық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарады.
Парламентшілер кодекстің ережелерін әкімшілік жауапкершілік тұрғысынан жетілдіруге ниеттеніп отыр. Оның ішінде экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл мөлшерін ұлғайту да бар. Осы түзетулердің арқасында еліміздегі экологиялық ахуал жақсаруы тиіс.
Сенаторлар сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" заң жобаларын талқылады. Заң жобалары қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, қоршаған ортаны қорғау шараларына инвестицияларды көбейтуге, табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға кері әсерін азайтуға ынталандыруға, сондай-ақ эмиссияларды реттеу қағидаттарын жетілдіруге және экологиялық реттеудің прогрессивті механизмдерін енгізуге көмектеседі.