Қорғаныс министрлігі азаматтардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылады

ҚР Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев көптеген адам өз өтініштерінде өмірге маңызды мәселелер көтеретінін атап өтті.

Мереке күндері қарсаңында қорғаныс ведомствосының аппарат кеңесінде әскерлерге міндеттер қойылды.Кеңес барысында жауынгерлік даярлық, әскери объектілердің диверсияға қарсы қауіпсіздігі, әскери тәртіп пен құқық тәртібін сақтау мәселелеріне назар аударылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдағы мереке және демалыс күндері гарнизондарда әскери инфрақұрылым объектілеріндегі коммуналдық желілердің дұрыстығын қолдау, тұрғын жайларды жылумен және сумен, электр қуатымен қамтамасыз ету жөнінде аудандық пайдалану бөлімінің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыру үшін нұсқаулар берілді.

Бас қолбасшыларға мерекелік іс-шараларды санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, адамдардың көп жиналмауына жол бермеу ақылы ұйымдастыруды, сондай-ақ жеке құрамның сырқаттану мүмкіндігін тоқтату үшін уақтылы диагностика жасауды тапсырды.

Қарулы Күштерде "Еститін мемлекет" тұжырымдамасын іске асыруда азаматтардың өтініштері жөнінде істелген жұмысқа талдау жүргізілді. Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев көптеген адам өз өтініштерінде өмірге маңызды мәселелер көтеретінін атап өтті. Осыған байланысты, әр өтінішке жеке қарап, азаматтарға қолдау көрсету үшін барлық шара қолдану қажет. Сонымен қатар, жерлердегі лауазымды адамдардың жеке жауапкершілігіне, сондай-ақ олар өтініштерде көрсетілген мәселелерді өз құзыреті шегінде уақтылы шешуге міндетті екеніне тоқталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі