"Қызыл" аймақтағы Нұр-Сұлтанға қатысты бас санитарлық дәрігер мәлімдеме жасады

Елорда тұрғындарынан адамдар көп шоғырланатын орындарға қажет болмаса, бармау сұралады.

Нұр-Сұлтан қаласы COVID-19 таралуы бойынша әлі күнге дейін "қызыл" аймақта қалып отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 47 жағдайы анықталды. Осыған байланысты елорда тұрғындарын демалысты үйде өткізуге және адам көп жиналған орындарға бармауға шақырады.

"Қаладағы жағдай күрделенбеуі, қатаң шектеулерді қабылдамау үшін, осы күндері үйде болу, адам көп жиналатын орындарға бармау және үлкен жиындар өткізбеу керек. Жағдайды тұрақтанбаса шектеу шаралары күшейтіледі. Барлық тұрғындарды санитарлық нормаларды, карантин режимін қатаң сақтауға шақырамыз. Карантин тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған", - деді Нұр-Сұлтананың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Сауда орталығына, дүкендерге барған кезде маска тағу тәртібі мен арақашықтықты қатаң сақтау, санитайзер қолдану керек.

Айта кетейік, сауда үйлері мерекелік демалыс - 16,17,18 желтоқсан күндері әдеттегідей, 19 желтоқсанда сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

"Қарапайым нормаларды сақтау арқылы өзіміздің, жақындарымыздың денсаулығын сақтаймыз. Коронавирус жасқа қарамайды, динамика көрсеткендей, науқастар арасында созылмалы аурулары жоқ жастар да бар. Емделіп шыққандар да коронавирустан толық айықпайды. Инфекция өкпеге ғана емес, бүйрекке, бауырға, жүрекке және миға да әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар өкпеде тіндік фиброз түріндегі ошақтар пайда болады. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін сіз қауіпсіздік шараларын сақтауыңыз керек", - дейді Жанна Пірәлиева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан астанасы COVID-19 таралуы бойынша "қызыл" аймаққа кірді. Ауру барлық жастағы тұрғындар арасында анықталуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: