АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ресейді АҚШ-тың жауы саналатын мемлекеттер тізіміне қосты, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы ол журналист Марк Левиннің радиобағдарламасына қатысқан кезінде айтты, деп жазады РИА Новости.
Сұқбат мәтіні 18 желтоқсанда АҚШ Сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланды.
Менен үнемі біздің дұшпанымыз кім деп сұрап жатады, ал оның жауабы біздің өмір салтымызға, біздің республикалық және негізгі демократиялық принциптерімізге нұқсан келтіргісі келетіндер, көбіне. Ресейдің, әрине бұл тізімге енетіні де айқын, - деді Мемлекеттік департаменттің басшысы.
Бұл ретте Помпео батыстық БАҚ-тардың Ресейдің Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік мекемелеріне жасалған хакерлік шабуылдарына қатысты жариялаған мақалаларға назар аудартты.
Оның айтуынша, Ресей басшылығы "бостандықты сүйетіндердің бәріне" қауіп төндіреді.
Бұған дейін хакерлер тобы шетелдік үкіметтің қолдауымен АҚШ Қаржы министрлігі мен Ұлттық телекоммуникация және ақпарат басқармасы жүйелерін "бұзып", ондағы деректерді ұрлағаны туралы хабарланған болатын. Сондай-ақ, АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік министрлігіне жасалған хакерлік шабуыл туралы да айтылды.
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден де бұған дейін Ресейдің халықаралық істерде АҚШ-қа үлкен қауіп төндіретінін айтқан болатын.
- Дәл қазір Америкаға ең үлкен қауіп - бұл біздің қауіпсіздігіміз бен одақтастығымыздың бұзылуы, - деді саясаткер.