Помпео Путиннің Ресейін АҚШ-тың жауы деп атады

DPA/ТАСС
Помпео Қытайды да АҚШ-қа қауіп төндіріп тұрған елдер қатарына қосты.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ресей Американың дұшпандары тізімінде екенін айтты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Менен әрдайым біздің жауымыз кім деп сұрайды және бұған жауабым: өмір салтымызға, республикамызға, негізгі демократиялық қағидаларға нұқсан келтіргісі келетіндер көп. Ресей сөзсіз осы тізімде", – деді Помпео өз сұхбатында.

Әдетте АҚШ-тың ресми өкілдері Ресейді жау емес, қарсылас деп атайды. Помпеоның өзі осы аптаның басында Вашингтонның Мәскеуге деген көзқарасы туралы айтқан кезде "бәсекелестік" тұжырымдамасын қолданды. Мемлекеттік хатшы АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдарындағы Ресейдің соңғы кибершабуылдарға қатысы бар деген ақпаратты еске түсірді.

"Біз мұндай жағдайды өте ұзақ уақыттан бері байқап келеміз. Асимметриялық потенциалды пайдаланып, олар АҚШ-ты ақы төлеуге апаратын жағдайға жеткізуге тырысады", – деп қосты Помпео.

Ол сонымен бірге Ресей басшылығы "бостандықты сүйетін адамдар үшін нақты қауіп" екенін айтты. Сонымен қатар, Помпео Ресейден келетін қауіптің аз емес екенін айта келе, Қытайды да АҚШ-қа қауіп төндіріп тұрған елдер қатарына қосты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі