Ресей спорты халықаралық жарыстардан екі жылға шеттетілді

AFP 2019 / Fabrice Coffrini
Ресей спортшылары 2022 жылдың 16 желтоқсанына дейін халықаралық жарыстарда Ресей туымен қатыса алмайды.

Спорт төрелік соты (CAS) Дүниежүзілік антидопинг агенттігінің (WADA) Ресейді халықаралық жарыстардан екі жылға шеттету туралы шешімін қолдады, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Соттың хабарлауынша, Ресейдің допингпен күрес агенттігі Дүниежүзілік антидопинг агенттігі кодексінің ережелерін орындамаған. Атап айтқанда, бұрынғы Мәскеу антидопинг зертханасының сараптама мәліметтерін және материалдардың түпнұсқаларын өткізбеген.

Ресей спортшылары 2022 жылдың 16 желтоқсанына дейін халықаралық жарыстарда Ресей туымен қатыса алмайды. WADA санкциялары Токиода 2021 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарына, 2022 жылы Пекинде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына, сонымен бірге 2022 жылы Катарда өтетін футболдан Әлем чемпионатына жүреді.

Бұған қоса, Ресей үкіметінің өкілдеріне екі жыл көлемінде Олимпиада ойындарына, әлем чемпионаттарына аккредитация берілмейді.

Ресей WADA-ға 2019 жылғы қаңтардан бері жұмсаған шығынын (1,27 млн доллар) төлеуі тиіс.

Сот шешіміне Сочидегі Олимпиада ойындарына қатысқан ресейлік спортшылардың допинг сынамаларын алмастыру төңірегіндегі дау себеп болды. Ресей билігі айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты