Үкімет COVID-19-бен күресу үшін 1,5 млрд евродан астам несие алғалы жатыр

edayly
Несиелер 2021 жылғы бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы" және "Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 тамыздағы Жарлықтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасында 908 млн 596 мың евро, ал Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасында 661 млн 800 мың евро көлемінде несиелік келісімшарттар жасалды.

Несиелік қаражат Қазақстан Республикасы Үкіметінің COVID-19 пандемиясының зардаптарымен күресу және экономиканы қалпына келтіру жөніндегі шараларды қолдауға бағытталады.

АДБ несиесі өтеу мерзіміне байланысты екі бөлікке бөлінген. АДБ-ның 454 млн 298 мың евро көлеміндегі несиесінің бір бөлігі 3 жылдық жеңілдік кезеңін қосқанда 10 жыл мерзімді қамтиды.

АДБ-ның 454 млн 298 мың евро көлеміндегі қалған несиесі 3 жылдық жеңілдікті кезеңді қосқанда 5 жылға беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі - Euribor + 0,50%.

AИИБ заемы 3 жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 10 жыл өтеу мерзімімен беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі - Euribor + 0,50%.

Тартылған несиелерге қызмет көрсетуді және оларды өтеуді Қаржы министрлігі Шарттарда белгіленген қаржылық жағдайларға сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыратын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты