Қазақстандық блогер 5G толқынының бұлттарға әсер ететініне сенімді

видеодан алынды
Қазіргі кезде Қазақстанда технология әлі іске қосылмағандықтан 5G толқынының болуы мүмкін емес.

Қазақстандық блогер өзінің "Правдоискатель Конспирология" атты YouTube-каналында өзіне ерекше болып көрінген бұлттардың видеосын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның пайымдауынша, толқынды бұлттар 5G толқынының әсерінен пайда болады. Алайда, stopfake.kz блогердің бұл тұжырымын жоққа шығарады.

"Бұл олай емес. Біріншіден, видеода аса түйдек бұлттар көрсетілген. Бұл әдеттен тыс жайт емес. Олар көптеген факторларға байланысты жылдың кез келген мезгілінде қалыптасуы мүмкін. Көбінесе мұндай бұлттардан жауын-шашын жауады. Екіншіден, қазіргі кезде Қазақстанда технология әлі іске қосылмағандықтан 5G толқынының болуы мүмкін емес. Ол үшін жабдықтар сатып алынбаған және қажетті лицензиялар алынған жоқ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады" делінген қарсы пікірде.

Сондай-ақ, бұған дейін ДДСҰ 5G форматындағы желілердің коронавирустың таралуымен байланысын жоққа шығарған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі