Ермекбаев қанша сарбаздың ковидпен ауырғанын білмейді

kaznews.kz
Министр қазір әскерде борыш өтеу қауіпсіз екенін, "дедовщина" жоқ екенін айтты.

Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскер қатарында қанша сарбаздың коронавирусқа шалдыққанын білмейді екен, деп хабарлайды zakon.kz Malim.kz-ке сілтеме жасап.

Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, көктем айынан бері әскер қатарында коронавирустан он адам дүниеден озыпты. Бұл жайлы ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларының орындалу барысы атты баспасөз мәслихатында айтты.

"Коронавирустан он адам қайтыс болды. Өкінішке қарай, біз оларды аман алып қала алмадық. Бесеуі пневмониядан, бесеуі коронавирустан дүние салды. Жалпы, қорғаныс саласында екі мың жүз адам ауырды. Ал бір жылдық әскерде борышын өтейтін жүздеген сарбаздар ауырып шықты", – деді министр.

vesti.kg тілшісі Айнұр Коскина @сонда нақты саны қанша, 200-бе, әлде, 500 бе?@ деген сұрағына генерал нақты жауап таба алмай қиналды.

"Бүгінгі баспасөз мәслихатының тақырыбы мүлдем бөлек. Сіздің сауалыңызға нақты дәл қазір жауап бере алмаймын. Кейін жауап қатайын", – деп қысқа қайырды министр Ермекбаев.

Сондай-ақ, министр қазір әскерде борыш өтеу қауіпсіз екенін, "дедовщина" жоқ екенін айтты. Сардарлар әскери жарғыны қатаң қадағалайды деді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды