Қарағандыда 18 мектеп пен 1 мәдени нысанның атауы қазақшаланды

2gis.kz
Саран қаласындағы № 4 жалпы білім беретін мектебі Абай есімін алды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қарағанды облысындағы 18 білім беру ұйымдары мен 1 мәдени нысанға көрнекті тұлғалардың есімі берілді, деп хабарлайды zakon.kz Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына сілтеме жасап.

Қарағанды қаласындағы № 102 мектеп-гимназиясына Әл-Фарабидің,
№ 92 гимназиясына Сәкен Сейфулиннің,
№38 гимназиясына Қаныш Сәтбаевтың,
№77 мектеп-балабақша кешеніне Бауыржан Момышұлының,
№58 жалпы білім беретін мектепке Нұркен Әбдіровтың,
№ 103 мектеп-лицейіне Әлімхан Ермековтың есімдері;

Теміртау қаласындағы № 15 қазақ мектеп-гимназиясына Әлихан Бөкейханның,
№ 23 мектеп-лицейіне Бауыржан Момышұлының есімдері;

Саран қаласындағы № 4 жалпы білім беретін мектебіне Абайдың есімі;

Бұқар жырау ауданындағы Жалпы білім беретін мектептерге Ыбырай Алтынсарин, Мәшһүр Жүсіп, Ахмет Байтұрсынұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытұлы, Сәбит Мұқанов, Әлкей Марғұлан, Талғат Бигелдиновтың есімдері, Жаңаарқа ауданындағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне Сәкен Сейфулиннің, аудан орталығындағы жалпы білім беретін мектепке Ақселеу Сейдімбектің (аталған мектепте Ақселеу Сейдімбек білім алған) есімі берілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі