"Нұротаншыл" боп кеткен Айдос Сарым дұрыс істеді ме?

Айдостың оптимистік трагедиясы.

Айдос Сарым "Нұр Отан" партиясынан үміткер екен. Ол қоғамда әртүрлі пікірлер тудырып жатыр. Мен мұны қалай қабылдадым? Енді осы туралы өз ойыммен бөлісейін, деді желіде Әбдірашит Бәкірұлы.

Біз де Сарым Айдосқа "бұрынғыдай сын айтып жүре бергенің дұрыс еді" дейміз бе?

Меніңше, ол дұрыс емес! Айдос сияқтылар баяғыдан-ақ мызғымыс биліктің ішіне сыналап кіріп, көпшіліктің идеясын ортаға салғанда - қазіргі көптеген бассыздықтардың жолы жөргегінде кесілер еді ғой. Қоғамда сыншыл көзқарастағы адамдардың қандай жағдайда болып келгенін, әлі де болып отырғанын көріп-біле тұра - оның бар кінәсін Айдосқа жаба салуға болмайтын шығар. Ендеше, әрбір ұлтшыл-мемлекетшіл адам "жағдайды қалай да өзгерту" үшін, "сөзді өткізе алатын мінбер" іздеуі заңды. Ол сол үшін де оған жетудің мүмкін болатын барлық амалдарын қарастыруы тиіс!

Өйткені, ол адам, санасы болса, қандай жағдайда да "Халыққа қалайда қызмет ету керек" деген ұстанымнан айнымайды.

Олай болса, Айдос Сарым да бүгінгі қалыптасқан ситуацияда ондай мүмкіндікті "билік партиясының" өзінен тапты. Сол дұрыс. (Басқа қандай жолы қалып еді. "Еркек тоқты құрбандық" деген бе? Ол нені өзгертеді?) Ал, оған риза болмағандарға айтарым: "домалақ арыз" бере салып, Айдосты кандидаттықтан алып тастау мүмкіндігі сізде де бар дер едім... (Үйреншікті әдет емес пе?). Сөйтіп, сіз "ойы қара басының қамынан аспайтын", "ләппайшыл" депутаттарды қайта жиып, өзіңіз риза болмай отырған қоғамның "дамуына" үлкен "үлес" қосқан болып шығар едіңіз, дейді пост авторы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: