Аягөздегі интернаттағы балалар өлімінен кейін қызметкерлер сотталды

Екі медициналық қызметкер Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

Аягөз балаларға арнайы қызмет көрсету орталығының төрт тәрбиеленушісінің өлімінен кейін үш медициналық қызметкер сотталды, деп хабарлайды zakon.kz Аягөз аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот екі медициналық қызметкерді Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі ("Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттері") бойынша кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығынан айырды, сондай-ақ олардың медицина саласында бір жылға жұмыс істеуіне тыйым салды. Жазаны шартты деп санап, пробациялық бақылауды белгілеу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, тағы бір айыпталушы сол бап бойынша кінәлі деп танылып, 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, 1,5 жылға медициналық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Бұл жаза да шартты болып саналады.

"Үш тәрбиеленушінің өліміне әкеп соқтырған Аягөз БАӘҚКО (балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы) тәрбиеленушілерін ауруханаға жатқызу бойынша шараларды уақтылы қабылдамау, кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау, оларға немқұрайлы қарау секілді сотталушылар кінәсі толығымен расталды. Қылмыстық кодекстің 317-бабы ауыр емес қылмыстар санатына, осы баптың 4-бөлігі орташа ауырлықтағы қылмыстарға жатады. Сотқа дейінгі тергеу барысында прокурор, сотталушылар мен жәбірленушінің өкілі кінәні мойындау түрінде процессуалдық келісімге келді", — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: