Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері С.А.-ның аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады. Сот оны әйел-трансгендер Виктория Беркхожаеваны түрмеде зорлағаны, азаптағаны үшін соттаған, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Сот алқасы жәбірленуші мен оның адвокатының үкімді қатайту туралы өтінішін қанағаттандырмады.
Бұл іске қатысты сот шешімін 6 қазанда Іле аудандық соты шығарған. Сот ҰҚК-ның бұрынғы қызметкерін бес жарым жылға соттаған. Енді сот үкімі күшіне енді.
Сот алқасының бүгінгі отырысы онлайн-форматта өтті. Оған Алматы тергеу изоляторында отырған сотталушы С.A.қатысты. Алматы облысының Жауғашты қыстағында жазасын өтеп жүрген Виктория Беркхожаева сот отырысына қатыспады. Оның мүддесін сотта адвокат Айман Омарова қорғады.