"Рухани жаңғыру" жасай алмағанды Жириновскийлер жасады

ruspekh.ru
Біраз қазақ "Ресей бізді, қолдап, қорғайды" деген жалаң түсініктен арылды.

Мен Никонов, Федоров, Жириновскийге рахмет айтамын. Шын жүректен. Тура осылай жалғастыра беріңдер. Үлкен көмектерің тиіп жатыр бізге. Алғыс, дейді желіде қазақ журналисі Асхат Қасенғали.

Бүгін түсте бір таныс жігіттермен түскі ас іштік. Арасында Ресей десе ішкен асын жерге қоятын, "Ресей бізді батыстан да, Қытайдан да қорғайды" деп жүрген бір досымыз бар. Сол өзгеріп кетіпті. "Никонов айтқандай солтүстікті алып алса қайтеміз" дейді. "Ей, сен Ресей десе өліп-өшіп тұратын едің ғой" десек, сәл өзі ұялыңқырап қалды. Ойы өзгеріпті. Қанша кездесу, қанша басқосуда осы тақырыпта пікірталас жасадық, ойын мүлде өзгертпейтін. Енді соның ойын Никонов, Федоровтар өзгерткеніне қайран қалдым.

Осы үшеуіне сол үшін де алғыс.

"Рухани жаңғыру", түрлі форумдар мен басқосулар, 31-мамыр жасай алмағанды осы үшеуі жасады. Біраз қазақ "Ресей бізді, қолдап, қорғайды" деген жалаң түсініктен арылды. Осы үшеуі біздің ұлт ретінде ұйыса түсуімізге сеп болды, оны өздері де түсінбейтін сияқты. Меңдуана жегір Никонов, Федоров, Жирик. Рахмет!

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды