Нұр-Сұлтан қалалық білім бөлімінің басшысы Шолпан Қадырова ІІІ-тоқсанда мектеп оқушыларына сабақ беру форматы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Мектеп оқушылары 11 қаңтардан бастап оқуды бастайды.
1-5 сынып оқушыларының кезекші сыныптары оқуын, әдеттегідей жалғастырады. 9, 11, 12 сыныптардың түлектері білім алуды 15 адамнан аспайтын кезекші сынып сипатында аралас форматта бастайды. Нақты шешім қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады, - деді Шолпан Қадырова әкімдікте өткен брифингте.
Офлайн сабақ кестесіне келесі пәндер кірді: орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы және дүниежүзілік тарих. Бұл оқу пәндерінің 70% құрайды. Ал қалған 30% пәндер қашықтық форматында өтеді.
9 сыныпта 13 215 оқушы, 11 сыныпта 7567 бала оқиды. Мектептерде кесте санитарлық талаптардың сақталуына сай икемделіп жасалады, сабақтар арасындағы үзіліс әр сынып үшін әртүрлі уақытта болады, әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін мектептегі ауысым саны да артады. Бір сабақтың уақыты 30 минуттан аспайды, 5 минуттық үзіліс болады, - деді ол.
Сонымен қатар, ҰБТ мен қорытынды аттестациялауға дайындалушы мектеп оқушылары үшін сабақтан тыс уақытта бес адамнан аспайтын қосымша сабақ беруші топтар ұйымдастырылады.