Елордада озат оқушыларға 50 мың теңгелік сертификат үлестірілді

иллюстрация
Жалпы іс – шара ерекше форматта ұйымдастырылған.

Нұр-Сұлтан қаласында тағы да 450 оқушыға жаңа жылдық сый-сияпат пен 50 мың теңгелік сертификат үлестірілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Шәкірттердің барлығы дерлік оқуда озат болғандар. Олардың қатарында аз қамтылған жанұялардың балалары бар, дейді "Хабар-24".

Ақмарал Хон, Білім басқармасының тәрбие бөлімінің басшысы:

- Сыйлық жиынтығы деп жатырмыз, оның ішіне қала әкімінің құттықтау хаты, сонымен қатар ойыншықтар, тәтті сыйлық және киім дүкеніне 50 мың теңгелік сертификат табысталады.

Жалпы іс – шара ерекше форматта ұйымдастырылған. Биыл жаңа жылдық жиындарға тыйым салынғандықтан әр мектептен бір-бір Аяз ата мен ақшақар сайланып, оқушылар сарайынан сыйлықтарды алып кетеді. Мұнан соң озат оқушының үйіне барып, қашықтықтан баланың тақпағын тыңдайды. Дәл осы мезетте арнайы сыйлық пен сертификат табысталады. Ертегілер еліне сеніп, Аяз атаны күтетін балалар үшін бұл нағыз тосынсый болды дейді ұйымдастырушылар. Осыған қарамастан мектептер мерекелік ертеңгілікті онлайн режимде өткізуді де жоспарлап қойған.

– Біздің басты мақсат осындай жағдайға қарамастан санитарлық талаптарды сақтай отырып, дарынды, көп балаларды үйдегі оқушыларды құттықтау. Жақсы көңіл-күй сыйлау болып табылады. Балалардың көңіл-күйі өте жақсы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады