Қызылорда облысында 31 мемлекеттік қызметші жазаланды

ҚР МҚІА баспасөз қызметі
11 айда Әдеп жөніндегі кеңестің 13 отырысы өткізіліп, онда 67 мәселе қаралған.

Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен 31 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев брифинг барысында айтты.

Ағымдағы жылдың 11 айында Әдеп жөніндегі кеңестің 13 отырысы өткізіліп, онда 67 мәселе қаралған. Күн тәртібінде 42 тәртіптік іс талқыға түсіп, 17 рет мемлекеттік орган басшылары мен әдеп жөніндегі уәкілдердің есебі тыңдалған.

"Кеңестің шешімімен Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін - 13 мемлекеттік қызметші, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін - 18 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды. Олардың арасында: 2 облыстық басқарма басшысының орынбасары, 1 аудан әкімінің орынбасары, 3 аудан әкімі аппаратының басшысы, 1 аудандық мәслихат аппаратының басшысы, 6 кент және ауылдық округ әкімі, 1 аудандық басқарма басшысы, 4 дербес бөлім басшысы, 13 өзге де лауазымды тұлғалар бар", - деді Берікбол Байхожаев.

Департамент тарапынан мемлекеттiк қызметшiлердің күнделікті қызметінде және халықпен кездесу барысында өзін-өзі ұстауы мен көпшілік алдында сөйлеу кезінде әдеп нормаларының сақталуы бойынша 100-ден аса құқықтық оқытулар мен шеберлік сабақтары өткізілген.

Брифингте Б.Байхожаев, Әдеп кодексі талаптары бұзушылықтарын алдын алу мақсатында мемлекеттік орган басшыларына карантин талаптарын қатаң сақтауды және Жаңа жыл мерекесіне орай корпоративтік кештерден бас тартуды ұсынды.

Сонымен қатар, спикер, мереке қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің заңсыз сыйлық алу-беру фактілеріне жол бермеу керектігін қатаң ескертті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді