Атырауда екі ай бұрын ғана салынған "Жастар" саябағының қайта астан-кестені шықты

Қызыл лентаны аймақ басшысы Махамбет Досмухамбетовтің өзі қиған еді. Қаланың сәніне айналған демалыс орнының бүгінгі сиқы – мынау. Төсем тастар бұзылып, жасыл жабындыларды қайта қопарылды.

Қазақи үлгідегі құрылыс. Бір жұмысты екі рет жасау үрдісі осы жолы Атырау облысынан көрінді. Мұнда екі ай бұрын ғана салтанатта түрде ашылған "Жастар" саябағы қыстың ортасында қайта қазылып жатыр. Мамандар бастапқы жобада кәріздік жүйені тартпай ұмытып кетіпті. Осының салдарынан парктегі су бұрқақ дұрыс жұмыс істемеген, деп хабарлайды zakon.kz astanatv.kz-ға сілтеме жасап.

"Жастар" саябағы осы қазан айында ғана салтанатты түрде осылай ашылған. Қызыл лентаны аймақ басшысы Махамбет Досмухамбетовтің өзі қиған еді. Қаланың сәніне айналған демалыс орнының бүгінгі сиқы – мынау. Төсем тастар бұзылып, жасыл жабындыларды қайта қопарылды.

Амандық САҒЫТЖАНОВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Бүкіл Қазақстанның ауруы осы ғой енді. Бірінші жол жасайды, артынан қазады. Бәрі асығыстықтың кесірі деп ойлаймын. Асығыс ашылып, қандайда бір мейрамға қарсы ма , жоқ болса, уақыттың тығыздығына байланысты. Одан кейін кемшіліктер екінші рет қайтадан жасалып жатыр.

Анжела ҚҰРМАНИЯЗОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Әу баста жобалау жұмыстары дұрыс жүргізілмеген ғой. Тапсырыс беруші кейбір мәселелерді ескермеген болуы тиіс. Бір жұмысты екі рет жасауы әрине қынжылтады.

Аязды желтоқсан айында жұмыс қайта қызды. Жұмысшылар парктің астан-кестенін шығарып қазып жатыр. Құбыр тартып кәріздік жүйе жүргізбек. Екі ай бұрын ғана ашылған саябақтың қайта жасалуына облыс әкімдігінің өзі рұқсат беріпті. Шенеуніктер, бастапқы жобада кәріздік жүйенің ескерілмей қалғанын, мойындап отыр. Осының кесірінен су бұрқақ дұрыс жұмыс істемей қалыпты.

Күлән ҚҰЛБАЕВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Қалалық канализацияға қосу дренажы қаралмаған жобада. Фонтанның суы жан жаққа шашырап кетті. Сол себептен қайтадан тексеріп қарадық. Сол кезде жобалық шешім қалалық дренажға қосу сол шешімді таптық.

Атқамінерлердің айтуынша, 6,5 гектар жерді алып жатқан саябаққа бюджеттен "бір тиын" жұмсалмапты. Жергілікті демеушілердің қаражатына салынған екен. Дегенмен тапсырыс беруші облыс әкімдігінің өзі. Ал, кәріздік жүйе тарту жұмысы келер жылы қаңтар айында аяқталуы тиіс екен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: