Павлодар облысында жаңа шектеу шаралары енгізілді

liter.kz
Жаңа қаулы 2020 жылғы 31 желтоқсанда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Павлодар облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Ол 31 желтоқсанның түн ортасынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Жаңа қаулыға сәйкес, үшінші тоқсаннан бастап 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқуға рұқсат етіледі. Бірақ сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспауы керек. Барлық мектептерде 1-4-сынып оқушылары қайтадан мектепке оралады. Ал бітіруші сыныптар аралас оқытуға көшеді: пәндердің 70 пайызын олар мектепте, қалғандары қашықтықтан оқиды. Екінші семестрден бастап штаттық оқуға колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері кіріседі", деп жазады Pavlodarnews.kz.

Сонымен қатар, мешіттер мен шіркеулер қайтадан жұмыс істейді. Бірақ әлі де ұжымдық іс-шараларсыз және толымдылығы 30 пайыздан аспауы тиіс.

Сондай-ақ мұз корттарының қызметіне рұқсат берілді. Бұл ретте жабық корттарда бір келушіге кемінде бес шаршы метр мұз болуы тиіс, ал ашық корттарда кемінде екі метр қашықтықты сақтау қажет.

"Осы қаулы 2020 жылғы 31 желтоқсанда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді", - делінген бас санитарлық дәрігердің хабарламасында.

Жаңа қаулы туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін