Жер иелері пайдаланбайтын жерлерінен өз еркімен бас тартуға мәжбүр болады

izvestiy-kamen.ru
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алу мерзімі қысқарады.

Қазақстанда жер қатынастары туралы заңдарға түзетулер әзірленді. Бұл туралы ҚР АШМ-ның алқа отырысында Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы Гүлжахан Бимендина мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану туралы тапсырмасын орындау үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмайтын жерлерге салық мөлшерлемесін 20 есеге арттырды. Салық мөлшерлемесін көтеруді көздейтін заң 2020 жылғы 10 желтоқсанда қабылданды. Бұл пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінен өз еркімен экономикалық тұрғыда бас тартуды көздейді", - деді Жер ресурстарын басқару комитетінің басшысы.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы АШМ "жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірледі. Ол жер заңнамасын жетілдіруге, жер учаскелерін беру тәртібінің рәсімдерін жеңілдетуге, жер қатынастары саласындағы қызметтерді цифрландыру арқылы халықтың мемлекетпен өзара іс-қимылын қысқартуға бағытталған. Құжат ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілді.

Комитет қосымша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін тексеру кезеңдерін және қайтарып алу мерзімдерін 2 жылдан 1 жылға дейін қысқартуды көздейтін заң жобасын әзірледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін