Ақсу ауданының полицейлері мүмкіндігі шектеулі балаларды құттықтады

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Сыйлықтар қатарында балаларға арналған тәттілерден өзге,қажетті азық-түлік: ұн, қант, жарма, түрлі макарон өнімдері, көкөністер мен жемістер болды.

Полиция қызметкерлері Жаңа жыл қарсаңында Ақсу ауданындағы мүгедек балалардың отбасыларына барып, мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Ақсу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан орталығындағы бірінші топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға сыйлықтар табыстап, қуаныш сыйлады. Сыйлықтар қатарында балаларға арналған тәттілерден өзге,қажетті азық-түлік: ұн, қант, жарма, түрлі макарон өнімдері, көкөністер мен жемістер болды.

"Біз мүгедек балалары бар отбасыларға барып, оларға түрлі сыйлықтар, оның ішінде жаңа жылдық тәттілер табыстап мерекелік көңіл-күй сыйладық. Бұл балалар үшін өте маңызды. Бұл іс-шара полицейлер үшін жақсы дәстүрге айналып үлгерді. Ақсу АПБ жеке құрамы әрдайым мұқтаж жандарға көмек қолын созуға дайын. Біз алдағы уақытта да бұл игі істі жалғастыруға ниеттіміз. Мұндай іс-шаралар полиция мен халықтың өзара тығыз іс-қимылының жақсы үлгісі бола алады.Әсіресе жаңа жыл сияқты мереке қарсаңында. Біз кез келген қиын уақытта мейірімділік пен адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсете отырып, жалпы әл-ауқатты жақсартуға өз үлесімізді қосуға дайынбыз", - дейді Ақсу АПБ бастығы, полиция подполковнигі Әділмұрат Байзолда.

Мұндай іс-шаралар бүкіл облыс бойынша өткізілуде. Полиция өз отандастарын ешқашан ұмытпайды және оларға көмекке келуге әрқашан дайын. "Менің полициям-мені қорғайды!",-деген сөз тіркесі бекер айтылмаса керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты