Головкин Мексиканың ұлттық мерекесі күні жекпе-жек өткізуі мүмкін

Boxingscene.com
Қазір біз Головкин - Мунгия кездесуін ұйымдастыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұл барлық жанкүйерлерге қызықты болатын жекпе-жек. "Синко де Майо" мерекесінде өтеді - Де Ла Хойя.

Головкиннің 29 нокауты бар мексикалықпен жекпе-жегі қашан өтетінін белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (36-0, 29 KO) мен орта салмақтағы IBF және IBO ббелбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 KO) арасындағы кездесуді ұйымдастыру үшін жұмыс істеп жатқанын растады. Бұл туралы Boxingscene.com хабарлап отыр, деп жазады vesti.kz.

Бұған дейін промоутер екі тарап келіссөз жүргізіп жатқанын айтты. Жекпе-жек 5-мамыр күні мексикалықтардың "Синко де Майо" мерекесі күні өтеді.

"Қазір біз Головкин - Мунгия кездесуін ұйымдастыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұл барлық жанкүйерлерге қызықты болатын жекпе-жек. "Синко де Майо" мерекесінде өтеді", - деді Де Ла Хойя.

Айта кетейік, Мунгия соңғы кездесуін қазан айында Туреано Джонсонға (21-3-1, 15 KO) қарсы өткізіп, алтыншы раундта нокаутпен жеңіске жетті. Ал Головкин болса желтоқсан айында Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутпен жеңіп, 21 рет чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты