Өскеменде ірі көлемде салықтан жалтарған екі тұрғын 5 жылға сотталды

azattyq-ruhy.kz
Мемлекетке 430 миллион теңге көлемінде келтірілген шығынды өндіріп алу туралы талап арыз толығымен қанағаттандырылды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті ШҚО екі тұрғынына қатысты ірі көлемде бюджетке салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу барысында, олардың 2017 -2018 жылдар аралығында жалған кәсіпорындардың жалған есеп шоттарын пайдалана отырып, ҚҚС салық айналымын және сатып алынатын тауар, жұмыс және қызметтер есебіне жатқызылатын соманы төмендету, декларацияларға табыстар мен шығыстар туралы жалған мәліметтерді енгізу, салық салудың басқа объектілерін жасыру арқылы мемлекетке 430 миллион теңге көлемінде салық төлеуден жалтарғаны анықталды.

Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28 - бабының 2,3 -б., 245 - бабының 1,3 бөліктерімен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандықтарынан айрылды.

Соттың шешімімен прокурордың мемлекетке 430 миллион теңге көлемінде келтірілген шығынды өндіріп алу туралы азаматтық талап арызы толығымен қанағаттандырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан