Қаңтардың аяғында Қанат Ислам рингке шығайын деп отыр 

vesti.kz
Қарсылас әзірге белгісіз.

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) бір жыл үзілістен кейін АҚШ-та жекпе-жек өткізетін болды, деп хабарлайды zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қанат қаңтар айының соңында АҚШ-тың Плант-Сити қаласындағы бокс кешінде рингке шығады. Қарсылас әзірге белгісіз.

Боксшының өзі қазір Америкада және бапкері Роджер Романың жетекшілігімен жаттығып жүр. Ислам қазан айында жұдырықтасу керек болған, алайда, ол кезде қарсылас табылмады.

2019 жылдың 26 қазаны Алматыда өткен кейінгі жекпе-жегінде қазақ боксшы намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, WBO International титулын қорғап қалған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

Алматы метросындағы жанжал: екі жолаушы жауапқа тартылды