Қазақстан "EcoJer" өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығының атқарушы директоры Қуаныш Балтабаев осылай деп есептейді. Оның айтуынша, жаңа Экокодекс өнеркәсіптік кәсіпорындарды антропогендік әсерді төмендетуге ынталандыруға көбірек бағытталмақ. Ал жергілікті атқарушы органдар қоршаған орта сапасын жақсарту жұмыстарын күшейтеді.
Сарапшы Заң жобасындағы "Ластаушы төлейді" принципі мен табиғат пайдаланушылардың төлемдері 100% табиғат қорғау шараларына жұмсалатынын аса маңызды механизмдер ретінде атап отыр.
Сонымен бірге біз қоршаған ортаға әсерге қатысты шешімдерді қабылдау процесінде қоғам өкілдерінің рөлін жоғарылату бастамасын қолдадық. Жаңа Экологиялық кодексте эколологиялық қауымдастық пен қоғам өкілдері қоршаған ортаға антропогендік әсерін тигізетін ірі жобаларды, оның ішінде кәсіпорындар құрылысын талқылауға қатысатыны нақты жазылды,- дейді Қ.Балтабаев.
Ол сондай-ақ Кодекске сәйкес экологиялық ақпараттың ашық болатынын оң өзгеріс деп санайды.
Сондықтан халық та, қоғамдық ұйымдар да бұл мәліметтерді сұрап сараптама жасай алады. Осылайша, табиғатты ластаушы кәсіпорындармен аргументке негізделген диалог жүргізуге мүмкіндік туады, - деп атап өтті "EcoJer өкілі.
Сарапшы қазақстандық ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың ең озық қолжетімді технологияларға (ЕОҚТ) көшуін де Кодекске енгізілген маңызды жаңалық деп атады.
Әрине, бұл шара қазақстандық экологиялық қауымдастықтың үлкен үмітін тудырады. Біз қауымдастық ретінде расымен де ең жақсы технологияларды қабылдауды қолдаймыз. Сондай-ақ, импортты алмастыруға, отандық өңдеу өнеркәсібін дамытуға баса назар аударған жөн. Өнеркәсіптік алыптар үшін жаңа сүзгілер, қазандар, барынша тиімді энергетикалық тиімді құралдарөзімізде жасалуы тиіс, - деп атап өтті Қ.Балтабаев.
Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомар Тоқаев бүгін жаңа Экологиялық кодекске қол қойды. Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінше, бірінші кезеңде ластанудың 80%-ы тиесілі мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, химия және электр энергетикасы салаларының 50 ірі кәсіпорнын ең озық қолжетімді технологияларға көшіру жоспарланған. Қазір Ең озық қолжетімді технологиялардың салалық анықтамалықтарын дайындау үшін ірі кәсіпорындарға кешенді технологиялық аудит жүргізіліп жатыр. Тұтастай алғанда, жаңа Кодексте елдегі қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту жөніндегі прогрессивті шаралардың тұтас кешені қабылданған.