Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Амангелді Қажыбайұлы 77 жасында өмірден озды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қаралы хабар қала басшысы Жақсылық Омардың Instagram парақшасында жарияланды.
"Өскемен қаласының құрметті азаматы Қажыбаев Амангелді Қажыбайұлының өмірден озуына байланысты отбасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Амангелді Қажыбаев – Тарбағатай ауданының тумасы, Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері. Кезінде Өскемен және Семей қалаларын басқарған, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды", делінген жазбада.
Амангелді Қажыбаев 1943 жылы 23 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Комсомол ауылында дүниеге келген, деп жазады Арнапресс.
1967 жылы ол Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының инженер-электрик мамандығын тәмамдады.
Оқуын аяқтағаннан кейін ол Өскемен қорғасын-мырыш зауытына жұмысқа барып, онда электр монтер, бригадир, цехтың бөлім бастығы сынды түрлі қызметті атқарды.
Осы жылдары ол Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары, ҚР Индустрия және сауда министрінің орынбасары, ҚР Қорғаныс министрінің Экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді және "KEGOC" ААҚ президентінің Астана қаласындағы кеңсесінің жетекшісі болды.
2001 жылдың ақпанынан 2002 жылдың қарашасына дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.
2002 жылдың қарашасында Семей қаласының әкімі болып тағайындалды.
2004 жылдың 15 қаңтарынан 2005 жылдың қаңтарына дейін Өскемен қаласының әкімі болды.