Вашингтонда Дональд Трамптың жақтастары Капитолийге шабуыл жасады. Желі қолданушыларының назарынан онда желбіреген Қазақстанның туы тыс қала алмай, біраз түсінбестік туғызды, деп хабарлайды zakon.kz.
6 қаңтарда наразылық білдіруші республикашылар Капитолий ғимаратына басып кіріп, Сенат залын қоршап алды. Осылайша демократ Джо Байден жеңіске жеткен сайлаудың нәтижелерін мақұлдау үшін жиналған алқалы кездесу кілт ортадан тоқтады. Наразылық кезінде кем дегенде төрт адам қаза тапты, полиция 70 бүлікшіні ұстады. Капитолиядағы тәртіпті қалпына келтіру үшін АҚШ Ұлттық гвардиясы жұмылдырылды.
Вашингтондағы оқиғаларды бақылаған қазақстандықтар наразылық білдірушілер тобындағы Қазақстан туына көзі түсті. Желіде еліміздің туы байқалатын бірнеше суреттер тараған.
Сондай-ақ, әлеуметтік желіде біздің отандастарымыздың Капитолияға не үшін келгенін түсіндіретін видео да жүр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram