8 қаңтарда ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Онда Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі науқан барысында келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысы талқыланды, деп хабарлайды zakon.kz.
ОСК мүшесі Ерлан дауылбаев атап өткендей, сайлау жарияланған 24 қазаннан бастап осы күнге дейін барлығы 104 өтініш түскен. Оның ішінде 46-сы жеке, 36-сы заңды тұлғалардан, сондай-ақ 22 -сі бұқаралық ақпарат құралдарына тиесілі.
68 пайызы сайлау заңнамасын түсіндіру бойынша өтініш-арыз екені анықталып, яғни 81-іне толық жауап берілген. Ал қалғандары құзыретті органдарға жауап алу мақсатында жолданды.
Жалпы, 104 өтініштің 81-іне ОСК аппараты өтініш берушілерге белгіленген мерзімдерде толық жауап берді. Қалғаны: 12 өтініш Ортсайлауком құзыретіне кірмейтін тақырып ретінде заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға қайта жіберілді; 6 өтініш заңнамаға сәйкес қараусыз қалдырылды: олардың ішінде 4 азаматтың өтініші, өйткені оларда мәселенің мәні баяндалмаған, сондай-ақ жаңа дәлелдер келтірілмеген екі рет қайталанған өтініш. 5 өтініш қаралып жатыр.
Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Берік Имашев жергілікті атқарушы органдар, кезекті сайлауды материалдық-техникалық қамтамасыз етуі бойынша тапсырмалар беріп, коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алуына тиісті шаралар қабылдауы тиіс екенін атап өтті.