Тоқаев АҚШ-тағы жағдайға байланысты пікір білдірді

riafan.ru
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас өсу динамикасымен дамиды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тағы наразылық акцияларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бүкіл әлем сияқты, Қазақстан да Америка Құрама Штаттарында болып жатқан оқиғаларды мұқият бақылап отыр. Мен сайланған президент Джо Байден жасаған тұжырыммен келісу керек деп санаймын - Капитолийді басып алу, сөзсіз, заңсыз және экстремистік болып табылады. Заңсыздық пен экстремизмге қарсы тиісті шаралар қабылдануы керек. АҚШ президенті Джо Байден жасаған тұжырым басқа елдерге қатысты және жалпыға ортақ болады деп сенемін, - деді Мемлекет басшысы Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс бергеннен кейінгі сөзінде.

Ол АҚШ-тың 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған мемлекет екенін еске салды.

Біздің елдер арасындағы қарым-қатынас өсу динамикасымен дамиды деп сенеміз. Өз тарапымыздан өзара қарым-қатынасымызда жинақталған барлық позитивті тұстарды сақтай отырып, алға жылжуға күш саламыз, - деп сөзін түйіндеді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады