Алматыда 101 жастағы кейуана дауыс берді

Сайлау комиссиясы мүшелері ол кісінің үйіне өздері барды.

Алматының ең қарт тұрғындары Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына дауыс берді. Сайлау комиссия мүшелері олардың үйлеріне өздері барды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мысалы, учаскелік комиссия Жетісу ауданының тұрғыны 101 жаста Кұлтай Сәдуақасованың үйінде болды. Қаланың тағы бір қарт тұрғыны - 99 жастағы Тайся Антипина да үйінен дауыс бере алды.

"Біздің Жетісу ауданында 100 жастан асқан және осы жасқа жақындаған тұрғандар бар. Пандемияға байланысты, оларға ыңғайлы әрі қауіпсіз болу үшін дауыс беруге арналған арнайы жәшіктермен учаскелік комиссия олардың үйлеріне барды. Дәл осы әдіспен бүгін 1920 жылы туған Садвакасова Культай, 1922 жылы туған Антипина Таисья Ивановна және 1937, 1938 жылы дүниеге келген Нефедова Маргарита Филипповна мен ерлі-зайыптылар Ахметкалиев Нұрғали және Рая өз дауыстарын берді", делінген Жетісу аудандық әкімдігінің Инстаграмда жариялаған хабарламсында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: