Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды
Сурет: ktf.kz
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшілер ширек финалда Испания құрамасымен кездеседі. Ширек финалдық жұптардың толық құрамы төмендегідей:
Қазақстан – Испания
Италия – Қытай
Украина – Бельгия
Чехия – Ұлыбритания
Кездесулер 22-27 қыркүйек аралығында Шэньчжэньде (Қытай) өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript