Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Орталық сайлау комиссиясымен бірге шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев ОКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, әлемнің 53 еліндегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жанында 66 сайлау учаскелері құрылған. COVID-19 пандемиясына байланысты , мысалы шекараны жабу, көлік қатынасын тоқтату, коменданттық сағат енгізу, карантинге жабылу сынды әртүрлі елдерде енгізілген шектеу шараларына қарамастан бюллетеньдер мен басқа да сайлауға қажетті заттар барлық сайлау учаскелеріне уақытылы жеткізілді.
Дауыс берушілердің тізімдері сайлау учаскесінің аумағында тұрақты тұратын немесе ұзақ уақыт тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық тіркеу деректері негізінде дайындалды. 11 мыңнан астам азамат Қазақстан Республикасының шетелдік өкілдіктерінде тіркелген, алайда аталған санға қатысты азаматтардың кейбіреулері қазіргі уақытта Қазақстанда болып табылады, өйткені бірқатар шет елде, оның ішінде шетелдік университеттер шектеу шараларының енгізілуіне байланысты студенттер үшін оқуды қашықтықтан жалғастыруда, - деді Нұрышев.
Сайлаушыларға дауыс беру кезінде табиғи апаттар немесе кейбір елдерде жүріп-тұруға енгізілген шектеулер белгілі бір қиындықтарды туғызды, деп сөзін жалғастырды министрдің бірінші орынбасары.
Консулдық тіркелген азаматтардың ең көп саны Ресей, Түркия, Қытай, Чехия, Ұлыбритания, Өзбекстан, БАӘ және Қырғызстанда шоғырланған. Хорватия, Бразилия, Словакия, Таиланд, Индонезия, Түркіменстан, Үндістан, Израиль, Пәкістан және Омандағы сайлау учаскелерінде тіркелген азаматтардың саны - ең азы.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңғы 7.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғастырылды. Шетелде сағат 19:00-дегі жағдай бойынша барлығы 4532 Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс берді. Олардың әртүрлі уақыт белдеуінде болуын ескере отырып, бірінші болып Жапония мен Корея Республикасындағы қазақстандықтар дауыс берді, - деді Нұрышев.
Қазіргі уақытта он учаскеде дауыс беру аяқталды, қалған 56 сайлау учаскесінде дауыс беру әлі жалғасуда. Соңғысы болып 11 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 7.00-де АҚШ пен Канадада жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беруді аяқтайды.