ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланады

strategy2050
Сайлау учаскесі Бейбітшілік және келісім сарайында таңғы жетіден бастап жұмыс істейді.

Бүгін, 11 қаңтарда Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Мәжіліс депутаттары анықталады, деп хабарлайды zakon.kz.

Заңға сәйкес, палатаға партиядан тыс тоғыз депутат төменгі палатаға кіреді. Ал бүгін Ассамблеяның 28-ші сессиясы өтіп жатыр. Сайлау учаскесі Бейбітшілік және келісім сарайында таңғы жетіден бастап жұмыс істейді.

2020 жылғы 11 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайлаған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидатты ұсынды:

1. Сауытбек Әбдірахманов - Қазақстан халқы Ассамблеясынан VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХА мүшесі.

2. Аветик Амирханян - Батыс Қазақстан облыстық "Масис" армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.

3. Буларов Ильяс - Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылдық округінің әкімі.

4. Наталья Дементьева - Көкшетау қаласы білім бөлімінің "Техникалық лицей" КММ директоры.

5. Юрий Ли - "Қазақстанның ұлттық коллекционерлер палатасы" ЗТБ төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі.

6. Вакил Набиев - "Күрдтердің "Барбанг" қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі.

7. Шамиль Осин - "Шығыс" шаруа қожалығының жетекшісі, ҚХА мүшесі.

8. Владимир Тохтасунов - "ЖетісуОблГаз" ЖШС бас директоры.

9. Әбілфас Хамедов - "Әзірбайжан қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді